Жүктелуде
ru
kz
Кругосветка с Коке Несие алу шарттары Несие төлеу шарттары Құжаттар Сұрақтар мен жауаптар
Кіру
ru
kz
Кіру
Кругосветка с Коке Несие алу шарттары Несие төлеу шарттары Құжаттар Сұрақтар мен жауаптар

Сұрақтар мен жауаптар

Микрокредит туралы Қайтару туралы Басқа сұрақтар

Микрокредит туралы

Егер маған SMS код келмесе?

Егер Сіз растау коды бар SMS хабарлама алмаған болсаңыз, онда «Cпам» бөлімін тексерген жөн. Сізге келесі қадамдар көмектеседі:

Егер сізде Android операциялық жүйесі бар смартфон болса:

  1. Құрылғыда «Телефон» қолданбасын ашыңыз;
  2. «Ещё» белгісін басып, содан кейін «Настройки» және «Спам и фильтр звонков» сүзгісің басыңыз;
  3. «Показывать идентификатор абонента и спам» мүмкіндігін өшіріңіз;
  4. Әрі қарай, растау кодын сұраңыз.

Егер сізде IOS операциялық жүйесі бар смартфон болса:

  1. Құрылғыда «Настройки» қолданбаны ашыңыз, содан кейін, «Сообщения» сүзгісің басыңыз;"
  2. Koke.kz хабарландыруының өшірілгенін тексеріңіз;
  3. Егер хабарландыру өшірулі болса, оны қосу керек;
  4. Әрі қарай, растау кодын сұраңыз.
Kөke.kz-те мен бір уақытта бірнеше микрокредиттiң болуына болады ма?
Бір уақытта сізде бірнеше микрокредиттiң болуына болмайды, алайда Kөke.kz бар микрокредиттiң үстіне қосымша сома алу мүмкіндігін ұсынады.Қосымша сома алу мүмкіндіктері туралы Сіз өзіңіздің Kөke.kz профиліңізден білуіңізге болады.
Kөke.kz-тен микрокредит алу үшін не қажет?
Сіз микрокредит алуыңыз үшін:
  • Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз қажет;
  • Сізде мерзімінен өтіп кеткен төлемдер болмауы қажет немесе микрокредиттік міндеттемелердің бұзылмауы қажет;
  • Сізге банктердің біреуіндегі шотыңыз және белсенді ұялы телефон нөміріңіз қажет.
Kөke.kz-тен микрокредит алу үшін қандай құжаттар қажет?
Микрокредиттi алу үшін Сізге қандай да бір құжаттар қажет емес – тек ұялы телефон және Қазақстан банктерінің біреуіндегі шотыңыз.
Егер банкте немесе басқа микрокредит мекемелерінде микрокредит болса, мен микрокредит алуыма болады ма?
Иә. Егер Сіз микрокредит бойынша төлемдерді кешіктірмеген және борышкерлер тізіміне қосылмаған болсаңыз, Сіз микрокредит алуыңызға болады.
Неге маған микрокредит беруден бас тартты?
Өкінішке орай, біз төмендегі жағдайларда микрокредит бере алмаймыз:
  • Сіз борышкерлер регистрінде бар деп саналасыз;
  • koke.kz-тегі алдында алынған микрокредит төленбеген;
  • Тіркеу кезінде қате мәліметтер көрсетілген;
  • Сіз 19 жастан жас немесе 70 жастан асқансыз.
Микрокредит сомасы менің банктік шотыма қалай тез түсірілетін болады?
Мақұлданған жағдайда, біз Сізге 15 минуттың ішінде ақша жібереміз. Сіздің банктік шотыңызға соманың түсуі Өз банкіңіздің процестер жылдамдығына байланысты 10 минутпен 3 жұмыс кун уақытын алуы мүмкін.
Қандай ақша сомасын мен микрокредитте алуыма болады?
Алғашқы рет алынатын микрокредит лимиті 170 000 теңгені құрайды. Микрокредиттi уақытымен төлеу және шарттың барлық талаптарын сақтау кезінде, келесі несиелердiң лимиті 10-нан бастап 30 күнге дейінгі мерзімге 170 000 теңгені құрайтын болады.
Берілген микрокредиттер бойынша консультациялық қызметтер
Сізге МҚҰ клиенттерге берілген микрокредиттер бойынша консультациялық қызметтер, оның ішінде берешектің болуы/болмауы туралы ақпаратты клиенттің электрондық мекенжайына ауызша (телефон) келіссөздер және жазбаша жауаптар арқылы ұсынатындығын хабарлаймыз.
Микрокредит беру туралы шарт бойынша консультациялық қызметтерді, оның ішінде ауызша келіссөздер арқылы берешектің болуы/болмауы туралы ақпаратты МҚҰ тегін негізде жүзеге асырады. Клиенттің сұратуы бойынша қағаз жеткізгіште берешектің бар/жоқ екендігі туралы ақпаратты қосымша бере отырып, микрокредит шарты бойынша консультациялық қызметтерді МҚҰ ақылы негізде жүзеге асырады.

Қағаз тасығышта берешектің болуы/болмауы туралы ақпараттық анықтаманы қосымша бере отырып, консультациялық қызметтің құны ҚҚС-ты қоса алғанда 1 300 (бір мың үш жүз) теңгені құрайды.

Берілген микрокредит бойынша консультациялық қызметті, оның ішінде берешектің болуы/болмауы туралы ақпаратты ауызша (телефон) келіссөздер арқылы алу үшін клиент мына телефон нөміріне қоңырау шалуы қажет:


Қағаз жеткізгіште берешектің бар/жоқ екені туралы ақпараттық анықтаманы қосымша бере отырып, консультациялық қызмет алу үшін клиент мына электрондық мекенжай бойынша клиенттерге қамқорлық жасау Қызметіне өтініш беруі қажет: . Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесін қоса беру қажет.

Қағаз тасығышта берешектің бар/жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуды МҚҰ Клиенттен сұрау салу келіп түскен және консультациялық көрсетілетін қызметтер құнын төлеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай жолмен жүзеге асырады:
  • өтініште көрсетілген Клиенттің электрондық мекенжайы бойынша ақпарат жіберу (Клиент Алматы қаласынан тыс жерде болған жағдайда);
  • клиентке қағаз жеткізгіштегі құжаттың түпнұсқасын сайтта көрсетілген "Creditum Микроқаржы ұйымы" ЖШС орналасқан мекенжайы бойынша (клиент Алматы қаласында болған жағдайда) беру.
Клиент Алматы қаласынан тыс жерде болған және микрокредит шарты бойынша берешегі туралы ақпараты бар құжаттың түпнұсқасын алу қажет болған жағдайда, Клиент Алматы қаласында "Creditum Микроқаржы ұйымы" ЖШС мекенжайы бойынша құжат алуға бағытталған іс-шараларды дербес ұйымдастырады (курьерді шақыру, анықтаманы үшінші тұлғалар арқылы беру және басқалар).

Қағаз тасымалдағышта берешектің бар/жоқ екендігі туралы ақпараттық анықтаманы қосымша бере отырып, консультациялық қызметтерге ақы төлеуді клиент екінші деңгейдегі банктердің кез келген бөлімшесінде мынадай банктік деректемелер бойынша жүзеге асырады:

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкі

МҚҰ HSBKKZKX

ЖСН/БСН 170640002407

Creditum МҚҰ ЖШС клиенті

Шот KZ296018861000108161

Валюта KZT

Төлем мақсаты: микрокредит бойынша консультациялық қызметтер

Қайтару туралы

Микрокредиттi бөлшектеп төлеуіме болады ма?
Сізде мерзім ішінде микрокредиттi бөлшектеп төлеуіңізге (микрокредиттiң бірнеше төлеммен төлеу) болады. Осылайша, Сіз біртіндеп микрокредит сомасын азайтасыз. Егер микрокредиттi төлеу күні қалған соманы төлеу мүмкіндігі болмаса, төлем мерзімін ұзарта отырып, микрокредиттi төлеу мерзімін кейінге шегеруді ұсынамыз. Ұзарту сомасы микрокредиттiң қалған сомасына пропорционалды азайтылады. Микрокредиттi бөлшектеп төлегеннен кейін, ұзарту сомасын kөke.kz-тегі өз профиліңізден нақтылауыңызға болады. Егер қосымша сұрақтарыңыз туындайтын болса, бізге хабарласуыңызды өтінеміз.
Микрокредит үшін төлемдерді қайда төлеуіме болады?
Сіз микрокредит үшін төленетін төлемдерді келесі тәсілдермен жүзеге асыруыңызға болады:
  • Homebank
  • Plus 24
  • КАССА 24 терминалы
  • QIWI терминалы
Егер микрокредит сомасын қайтара алмаған жағдайда, не істеуім керек?
Егер Сіз микрокредиттi мерзімімен қайтара алмасаңыз – қобалжымаңыз. Біз микрокредиттiң негізгі сомасын қайтаруды кейінге шегеру мүмкіндігін ұсынамыз. Біздің шотымызға микрокредиттiң мерзімін ұзарту үшін төлемді жіберіңіз, және осыдан кейін сіздің микрокредиттiң қайтару мерзімі Өз таңдауыңыз бойынша, 14/30 күнге дейін ұзартылатын болады.
Микрокредиттi уақытынан ерте қайтаруыма болады ма?
Иә. Сіз кез келген уақытта микрокредиттi қайтара аласыз.

Басқа сұрақтар

Шот нөмірін қалай өзгертуге болады?
IBAN шотын өзгерту үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштадан электронды поштасына хат жазыңыз
Хатқа міндетті түрде:
  • жеке куәлігіңіздің суретін екі жағынан салып жібереңіз;
  • жеке куәлікпен селфи суретін қосыңыз;
  • шот бойынша үзінді көшірмені қосыңыз;
  • Хат тақырыбында «Шотты өзгерту» деп жазыңыз.
Ескерту! (Маңызды) Шот міндетті түрде өз атыңызға ашылған және әлеуметтік емес (зейнетақы, жәрдемақы алатын емес) болуы шарт.
Электрондық поштамды қалай ауыстыруға болады?
Электрондық пошта мекенжайын өзгерту қажет болса электрондық поштаңыздан хат жазыңыз
Хатқа міндетті түрде:
  • жеке куәлігіңіздің суретін екі жағынан салып жібереңіз;
  • жеке куәлікпен селфи суретін қосыңыз;
  • Хат тақырыбында «E-mail өзгерту» деп жазыңыз.
Жеке кабинетте телефон нөмірін қалай өзгертуге болады?
Телефон нөмірін өзгерту үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштадан поштасына хат жазыңыз
Хатқа міндетті түрде:
  • жеке куәлігіңіздің суретін екі жағынан салып жібереңіз;
  • жеке куәлікпен селфи суретін қосыңыз;
  • ағымдағы мобильді нөміріңізді жазыңыз;
  • Хат тақырыбында «Телефон нөмірін өзгерту» деп жазыңыз.
Проблемалық берешек мәселелері бойынша
Құрметті клиенттер, ҚР «Микроқаржылық қызмет туралы» заңының 9-2 бабына сәйкес микронесие ұсыну туралы шарт бойынша міндеттерді орындаудың мерзімі кешіктірілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде сіз микронесие ұсыну туралы шарт бойынша міндеттерді орындаудың мерзімін кешіктірудің, табыстардың немесе микронесие ұсыну туралы шарттың шарттарына өзгерістер енгізумен шарттасатын басқа расталған жағдайлардың (фактілердің) себептері көрсетілген мәліметтерден тұратын өтінішті микронесиелік ұйымға әкелуіңізге немесе МҚҰ ресми электрондық поштасына – өтініш жіберуіңізге болатындығын назарларыңызға саламыз."

Сіздің өтінішіңізді және қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттарды қараудың нәтижелері туралы сізге 15 күнтізбелік күн ішінде хабар беріледі.


Сонымен қатар, проблемалық қарызды реттеу сұрақтары бойынша кеңес алу үшін сіз МҚҰ-ның мерзімі кешіктірілген қарыз алушылармен жұмыс істеуге жауапты қызметкерлеріне келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар: 775 03 00 001 (Кеңес алу) / 701 693 62 05 (WhatsApp).

Kөke.kz мәліметтер базасында қол қойылған шарт қанша уақыт сақталады?
Қол қойылған шарт мәліметтер базасында шектеусіз уақыт сақталады. Клиенттен жазбаша сұрату алғаннан кейін, шарт екі аптаның ішінде клиент көрсеткен мекенжайға жіберіледі.
Мен Kөke.kz-тегі профилімнің құпия сөз ұмытып қалдым. Не істеуім керек?
Жаңа құпия сөз мына жерде сұратыңыз. Өз электрондық поштаңызды енгізіңіз, ал біз Сізге уақытша құпия сөз жолдаймыз. Осыдан кейін, Сіз өз Kөke.kz профиліңізге кіріп, құпия сөз ауыстыруыңыз қажет.
Ақша алу
₸
Жылдам қарыз
Бірінші
Қайта
Сомасын таңдаңыз
170 000 ₸
20 000
170 000
Қанша күнге?
25 күн
10
25
Бұл сома қайталанатын клиенттер үшін қол жетімді.
Ақша алу
Сомасы
₸
Төлем күні
Сыйақы
₸
Қарыз сомасы
₸
8:00 - 20:00
koke__kz
Компания
Kөke.kz туралы Артық төлемсіз науқан Байланыстар Баспасөз релиз
Клиенттерге
Несиені қалай алуға болады Несиені қалай өтеуге болады Құжаттар Сұрақтар мен жауаптар
логотип kazfintech
© 2023 Koke.kz | «Creditum» МҚҰ» ЖШС микроқаржы ұйымдарының тізіліміне 02.04.2021 ж. № 02.21.0064.М енгізілді, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасымен берілді. ЖТСМ 1,22% бастап.

Kөkeден онлайн-несиелер – біз туысымыздай көмектесеміз!

Ақша шұғыл қажет болатын жағдайларға біздің әрқайсымыз тап болуымыз мүмкін. Балалар бақшасына төлем ақы төлеу немесе сапарға шығу, көліктің доңғалағын ауыстыру, қажетті затты сатып алу деген сияқты. Жалақы әлі түскен жоқ, ал істі кейінге қалдыру мүмкін емес. Міне тап осындай жағдайларда Сіз виртуалды «мейірімді аға» - Kөke.kz-ке қаржылық қолдау көрсету үшін жүгіне аласыз. Ол қиын сәттерде әрқашан көмектеседі!

Біздің несиелер – бұл қысқа мерзімді қаржылық қиындықтарды, болжанбаған немесе жоспарланбаған сатып алу мәселелерін шешу үшін оңтайлы нұсқа. Біз әрбір клиентке туғанымыздай қараймыз – бәрін жылдам, кідіріссіз және артық ресмиліксіз ресімдеуге көмектесеміз. Біздің онлайн-несие пайдаланғандар жалақы төлеуде кідіріс болған кезде кімге хабарласу керек екендігін жақсы біледі, өйткені бізде бәрі де оңай: сайтқа кіресіз, қажетті соманы таңдайсыз, өтінімді толтырасыз, болды – ақша сіздің картаңызда.

Kөke сіздің қарапайым тілектеріңіздің орындалуына әрқашан көмектеседі. Әрі біз жақын достар сияқты, өз клиенттеріміздің қарызға белшесінен батпауы және қажетсіз шығындарға ұшырамауы үшін қамқор боламыз. Біз адамның кредитке iPhone сатып алғанын немесе ұзақ мерзімді кредиттерін «жабуға» әрекет жасағанын қолдамаймыз.

Kөke.kz әрбір клиентпен ұзақ ынтымақтасуды бағдар тұтады. Біздің қағидамыз – "win-win": клиенттің ұтысы, біздің ұтысымыз!